RU
Алматы метросында құлап кеткен ер адамды құтқарып қалған адамның аты белгілі болды

Алматы метросында құлап кеткен ер адамды құтқарып қалған жігіттің аты белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Алматыда бірнеше күн бұрын метродағы рельске ер адам құлап кеткен еді. Осы сәтте пойыз да жақындап қалған болатын. Егер жазатайым құлаған жанды құтқарып қалған ер адам болмағанда, оқиғаның соңы қайғылы жағдаймен аяқталар еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ер адамды құтқарып қалған адам 22 жастағы Айбек Мұқатаев екен. Жас жігіт мегаполиске бірнеше уақытқа ғана келген. Ол Жезқазғанда шахта қазушы болып қызмет етеді.

"Бұл нәрсе болған кезде ойланатындай уақыт болмады. Ал рельстердің кернеулі екенін білгенде жоқпын. Бірақ мен өзім күн сайын жер астында жұмыс істеймін", - деді жас жігіт.

Еске сала кетсек, кеше 28 қарашада, метро бекеттерінің бірінде адам өлімімен аяқталуы мүмкін қайғылы жағдай орын алғаны белгілі болды. Ер адам пойыз жақындаған сәтте рельске құлап кеткен.

Осы сәтте куәгерлердің бірі машинистке қол бұлғап, пойыз тоқтайды. Жолаушы жолға секіріп түсіп, құлаған ер адамды көтеруге тырысады. Тағы бірнеше адам көмек көрсету үшін төменге түскен.

Болған оқиғаны көрген диспетчер бірден түйіспелі рельстен кернеуді алып тастаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel