RU
"Түрмедегі той": Атырауда жазасын өтеп жатқан қалындық сөз байласқан жігітіне тұрмысқа шықты

"Түрмедегі той": Атырауда жазасын өтеп жатқан қалындық, сөз байласқан жігітіне тұрмысқа шықты

Рассказать Вконтакте

Атырауда түрмеде қос ғашықтың үйлену тойы өтті. Жазасын өтеп жатқан қалындық, бостандықтағы сөз байласқан жігітіне тұрмысқа шықты. Олардың тойына түзету мекемесіндегі қызметкерлер ғана куәгер болды. Ал бостандықта ата-ана, бауырлары қолдау білдірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Кадр Астана арнасы

Кадр Астана арнасы

Темір тордың ар жағында той барлық рәсімдерге сай өткен. Мәселен қалыңдық өміріндегі ең маңызды күнге моншақтармен көмкерілген ақ көйлегін киіп, әдемі фатасын тағып, сәнді шаш үлгісі жасаған.

Күйеу жігіт те сәнденіп алған.

Ал Азаматтық хал актілерін тіркеу маманы неке куәлігін табыстап, жас жұбайлар неке сақинасымен алмасқан.

"Мен ешқашан түзету мекемесінде тұрмысқа шығамын деп ойлаған жоқпын. Соған қарамастан бақыттымын. Оны сүйемін және болашағымыз жарқын болады деп ойлаймын", - дейді жазасын өтеуші Татьяна Киселева.

Телеарнаның мәліметінше, күйеу жігіт те бұрын шалыс басып, жазасын өтеп шыққан. Ол сүйгеніне жақын болуы үшін Ақтөбеден Атырауға қоныс аударып, осында жұмысқа орналасқан. Кездесуге келіп жүріп, нақты шешімді биыл көктемде ғана қабылдапты. Жастардың жоспарына ата-аналары қарсы болмаған.

Кадр Астана арнасы

Кадр Астана арнасы

"Анам қазір Санк-Петербургте, ағам да сонда. Олар  біледі. Уайымдап жүр. Қуанып жатыр. Біз Татьянамен бір ауданда, бір көшеде тұрдық. Мен көшенің басында, ол аяғында тұрды. Ортақ таныстар, достар болғандықтан кездесіп қалып жүрдік. Бірақ басында бір-бірімізге назар да аудармаппыз. Кейін жүрегіміз бірге соқты. Татьянаны үнемі ойлап, уайымдаймын", - дейді күйеу жігіт Вадим Кужбаев.

Татьяна әйелдер коллониясының тігін цехында жұмыс істейді. Тігіншілікті түрмеде үйреніпті. Оның үстіндегі көз тартар қалыңдық көйлегі, тіпті фатасы, қолғабы мен гүлі де өзімен бірге жазасын өтеп жатқан тағдырластарының еңбегі екен.

Олар қалыңдыққа көйлекті екі күннің ішінде тігіп берген. Болашағына сенімді жас-жұбайлар Татьяна бостандыққа шыққанда дүркіретіп той жасаймыз деп отыр.

"Менің екі жылым қалды. Бірақ рақымшылықтан үміттімін. Президентке рақымшылық сұрап жаздым", - дейді жазаусын өтеуші.

УГ 157-де 11 мекемесі басшылығының айтуынша, Татьяна тігін цехы қызметінен бөлек, мекемедегі барлық тәрбиелік-мерекелік шараларға белсене қатысады. Осыған дейін 7 алғыс хат алып үлгерген екен.

Б. Надирқызы

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
5
3
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel