RU
Арыстанбек Мұхамедиұлы: Тұрсынбек – қазақтың сатирасын жаңа деңгейге көтерген мықты азамат

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Тұрсынбек – қазақтың сатирасын жаңа деңгейге көтерген мықты азамат

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, бүгінде Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әзілдерінің астарында үлкен ой жатқанын айтып, оны сатираны жаңа деңгейге көтерген азамат деп атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: kznews.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: kznews.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берді. Сұхбат барысында бұрынғы министр қазақ киносы, операсы және өзге де тақырыптарда әңгіме өрбіткен.

Сұхбат барысында қозғалған тақырыптардың бірі музей жайлы болды.

Тілші: "Сатира актері Тұрсынбек Қабатовтың шетелдік адамдардың музейге баруы мен біздің елдегі адамдардың музейге баруы туралы әзілі бар. Шетелдік музейлердің ішінде адам толы болса, біздің музейлерде саусақпен санарлық адам жүретінін айтады. Сөзінің жаны бардай... Музейге адамдар көптеп келуі үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр" деген сауал қойды.

Бұған Мұхамедиұлы Тұрсынбек Қабатов бүгінде қазақ сатирасын жаңа деңгейге көтерген азамат екенін, ал музейге адамдар аз болса да келе бастағанын айтты.

"Тұрсынбек – қазақтың сатирасын жаңа деңгейге көтерген мықты азамат. Ол сахнада бұрынғыдай кемпір мен шал, базар, ыдыс-аяқ секілді тұрмыстық деңгейде емес, мемлекеттік бағдарламаларды да әзіліне қосып, астарлы сын айтады. Үкімет бір бағдарлама қабылдаса, арада 1-2 ай өткен соң ол туралы міндетті түрде Тұрсынбектің әзілдерінен көруге болады.
Мысалы, "Қолжетімді баспана" туралы әзілін алар болсақ, "үкімет біздің жағдайымызды қатты ойлайды. "Қолжетімді баспана" бойынша үй алдық. Шынымен бәрі қолжетімді екен. Асүйде орныңнан тұрмаған күйде-ақ қол созып, тоңазытқышты аша саласың. Қол созып-ақ шәугімді ала саласың. Шынымен қолжетімді баспана екен. Ал өздері қол жетімсіз үйде тұрады: тоңазытқышқы бару үшін оны іздеу керек, шай алып келгенше суып қалады" дейді. Астарлы әзіл ме – астарлы әзіл!
Ал, Музей туралы сұрағыңызға келер болсақ, адамдар аз болса да келе бастады. Бұл – бастамасы ғана, болашақта осы жерге келу үшін кезекте тұратындай еткім келеді", - дейді Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сіздің реакцияңыз
17
0
0
0
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel