RU
Мұхамедиұлы: Шетелде оқып келгендер ғана басшы болуы керек пе

Мұхамедиұлы: Шетелде оқып келгендер ғана басшы болуы керек пе

Рассказать Вконтакте

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы әлеуметтік желіде өзіне жиі қойылатын сауалдар жайлы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: Хабар24

Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: Хабар24

Мұхамедиұлының сөзінше, желіде Сәкен Майғазиев неге Ұлттық өнер академиясына проректор болып кеткені, Азамат Сатыбалды неге балалар театрына басшы болғаны, Мейрамбек Беспаев, Қайрат Нұртастар магистратураны оқып жатқаны туралы сұрайтын оқырмандар бар екен.

"Олар сабаққа бармайтынын да жазады. Сабаққа үнемі емес, мүмкіндігінше қатысып, емтихан тапсырса болды емес пе? Олар өздерін өнерімен мойындатып қойған азаматтар. Сәкен Майғазиев интеллектуалдық тұрғыдан өте керемет жан, Қайрат Нұртас та жаманатты болмаған жігіт. Оларды неге қолдап, көтермеске? Шетелде оқып келгендер ғана басшы болуы керек пе? Халық арасында жүрген өнер адамдары да басшы болсын. Неге өзімізді төмен санай беруіміз керек", - дейді бұрынғы министр.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жайлы да пікірін білдіріп, оны сатираны жаңа деңгейге көтерген азамат деп атаған еді.

Сіздің реакцияңыз
6
1
1
0
2
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel