RU
"Болашақ" стипендиясының иегерлері анықталды

"Болашақ" стипендиясының иегерлері анықталды

Рассказать Вконтакте

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" "Болашақ" стипендиясының иегерлері тізімін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото:pixabay.com

Көрнекі фото:pixabay.com

Шетелде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссия отырысының шешімі бойынша биыл 234 үміткер "Болашақ" стипендиясын жеңіп алған.

Стипендия иегері атанғандар енді шетелдік жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады.

Сондай-ақ, әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады.

Толық тізімді мына сілтемеден қарауға болады>>

Еске сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозова "Болашақ" бағдарламасына қатысты жаңалықтармен бөлісіп, 2020 жылдан бастап, бағдарламаға өзгерістер енгізілетінін айтқан еді.

Өзгерістер конкурстық іріктеуді жүргізудің тетіктерін жетілдіру және автоматтандыруды, оның кезеңдерін қысқартуды қарастырады.

Сонымен қатар басымдыққа ие мамандықтар тізімін құру мәселесі де қозғалмақ.

Яғни, "Болашақ" бағдарламасы келер жылдан бастап экономика үшін мақсатты түрде мамандарды дайындаумен айналыспақ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel