RU
Атырауда 13 жастағы жасөспірім қыз өз-өзіне қол салған

Атырауда 13 жастағы жасөспірім қыз өз-өзіне қол салған

Рассказать Вконтакте

28 қарашада Атыраудың Құлсары қаласында тұратын 13 жастағы жасөспірім қыз өз үйінің гаражында асылған күйде табылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақжайық басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото:pixabay.com

Көрнекі фото:pixabay.com

Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы Айбарша Қақпанбаеваның сөзінше, оқиға түнде болған, қыз баланы анасы тауып алыпты.

"Қыздың не себептен суицидке барғаны белгісіз, бойынан оғаш қылық байқалмаған, мектепте жақсы мінезімен танылған, толыққанды отбасынан шыққан. Ешқандай хат та қалдырмапты, тек, неге екені белгісіз,  ұялы телефондағы барлық жазбаларды өшіріп тастаған. Телефонды сараптамаға әкетті", - дейді Айбарша Қақпанбаева.

Басылымның жазуынша, жуырда облыстық әкімдікте болған жиналыста әлеуметтік желіде оқушыларды суицидке жетелейтін түрлі ойындар қайта басталғаны туралы айтылған екен.

Тілшінің мұнымен байланысы жоқ па деген сауалға білім бөлімінің басшысы:

"Аудандық полиция бөлімі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Қазір нақты ештеңе айта алмаймын", - деп жауап берген.

Басылымның мәліметінше, Жылыой ауданында 2017-18 оқу жылында 5 оқушы өзін-өзі қол жұмсаса, екі оқушыны аман алып қалу мүмкін болған. 

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel