Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әуедегі шу": Ұшақта Абайдың әнін орындаған қазақтың жас әртістері елді таңдай қақтырды

Опубликовано:

Түркиядан гастрольдік сапардан келе жатқан “Astana Musical” мемлекеттік театрының әртістері ұшақта Абайдың әнін қосыла шырқап, жолаушыларды тәнті етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әуедегі шу": Ұшақта Абайдың әнін орындаған қазақтың жас әртістері елді таңдай қақтырды
Скриншот: Видеодан алынған: Facebook

Жас өнерпаздардың видеосын журналист Мейрамбек Таубалдиев өзінің желідегі парақшасына жариялаған.

"Қазақ азаматтары тағы да ұшақта тыныштықты бұзған-мыс. Алғашында жолаушылар түк түсінбей қалған. Осыны түсірген досым да аң-таң болғанын жасырмайды.

Кейін мәселенің мәнісін ұққандар қошеметін аямапты. Әуедегі әсем ән Хакім Абайдың 175 жылдығына арналыпты.

Ұзақ жолда іш пысқан әлемнің әр азаматы тегін концерттің куәсі болып, қазақ әніне таңғалды дейді досым.

Міне, Қазақ елінің имиджі осылай қалыптасады. Қуанып отырмын. Тіл мен өнер - ұлттың айнасы. Жарайсыздар, Ұлы дала дарындары!", - деп жазды ол видео анықтамасына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1829864-uedegi-su-sakta-abajdy-nin-oryndagan-kazakty-zas-rtisteri-eldi-tadaj-kaktyrdy/

pixel