RU
Қазақстандық футболшы үйлену тойын Балиде жасады (фото)

Қазақстандық футболшы үйлену тойын Балиде жасады (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан құрмасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Альмир Мухутдинов үйлену тойын Индонезияның Бали аралында атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Ғашықтардың неке қию рәсімі аралдың туристік ауданындағы Нуса-Дуа жағажайында өткен.

Отандық футболшының таңдауы Анастасия есімді аруға түскен. Ол Мәскеуде тұрады және тіс дәрігері болып жұмыс істейді.

Бүгінде "Жетісудың" намысын қорғап жүрген Альмир сүйіктісіне өткен жылдың соңында Ресей астанасында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.

Романтикаға толы Балиде өткен тойға Мухутдиновпен бір командада ойнайтын әріптестері мен қазақстандық қақпашы Алмат Бекбаев пен Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Камо Оганесян барған.

Айта кетейік, 34 жастағы Альмир Мухутдинов Тараз тумасы. Ол кішкентай күнінде отбасымен Мәскеуге көшіп кетіп, сол жақтағы ЦСКА академиясында жаттыққан. Ресейде "Краснодар", "Волгарь" (Астрахань), "Металлург" (Красноярск), "Динамо" (Брянск) сынды клубтарда ойнаған.

Ал талдықорғандық клубтың намысын екі жылдан бері қорғап келеді. Мухутдинов өткен маусымда "Жетісу" сапында 15 матч өткізген. Ол "Жетісу" клубына дейін ол "Ертіс", "Тараз" және "Тобол" командаларында ойнаған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel