RU
Қызыл улдырықты кімдерге жеуге болмайды

Қызыл улдырықты кімдерге жеуге болмайды

Рассказать Вконтакте

Ресейлік врач-диетолог Елена Соломатина қызыл уылдырықтан пайдасы жайлы айтып, оның кімдерге тұтынуға болмайтынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Вечерняя Москва" басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Соломатинаның сөзінше, қызыл уылдырық дәрумендермен қоса, көп қанықпаған май қышқылдарына, омега-3 және өзеге де пайдалы заттарға бай.

Дегенмен қызыл уылдырықта жоғары қан қысымы мен жүрек-қан тамырларының ауруынан зардап шегетін адамдар үшін зиян холестерин мен тұз көп екен.

Соломатина қызыл уылдырық адам иммунитетін көтеретінін, сондықтан оны ауруханадағы емделушілерге алып келіп жататынын да атап өтті. Алайда дәрігер кей жағдайларда сақ болу керектігін айтады.

"Егер кардиология бөлімі болса, онда алдымен дәрігермен ақылдасқан жөн. Яғни мұндай сәлдеме сіздің ағызаңызға зиянын тигізбей ме, сол жағын біліп алғаңыз абзал", - дейді Елена Соломатина.

Диетолог-дәрігердің айтуынша, бұрын сақтау мерізімін ұзарту үшін уылдырыққа уротропин қосатын болған. Алайда қазір оған тыйым салынған.

Дегенмен табысын ойлаған кей кәсіпкерлердің уротропинді әлі де қолдануы мүмкін екенін ұмытпауды еске салды.

Сондықтан дәрігер уылдырық таңдағанда шыққан күніне аса мән беріп, танымал өндірушілердің маркасына жүгінуді ұсынып отыр.

Соломатина сондай-ақ, консервант ретінде қызыл уылдырыққа натрий E211 бензоаты қосылатынын айта кетті. Ал бұл өз кезегінде демікпемен, дерматитпен ауыратын адамдарға зиянын тигізіп, аллергияның өршуіне әкеліп соғуы ықтимал.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel