RU
"Канело" Головкинмен өтуі мүмкін трилогияға нүкте қойды

"Канело" Головкинмен өтуі мүмкін трилогияға нүкте қойды

Рассказать Вконтакте

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы үшінші рет рингке шығудан бас тартатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Келесі жылдың мамыр айында кезекті кездесуді өткізу мүмкіндігі туралы айта келе, спортшы отандасымызбен жұдырықтасқысы келмейтінін айтты.

Канело атап өткендей өзінің басқа мақсаттары бар екенін айтты деп хабарлайды Boxingscene. Мексикалықтың сөзінше, Головкин оны енді қызықтырмайды.

"Мен оған 24 раунд бердім. Осымен бітті", - деп мәлімдеді боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін DAZN Головкин мен Альварестің жекпе-жегін өткізу туралы шешім қабылдағаны туралы хабарланған болатын.

Содан кейін стримингтік платформаның басшылығы келесі жылдың мамыр айында мексикалық спортшы мен GGG кездесуін талап етеді деген ақпарат болды.

Сонымен қатар, қазақстандық спортшы Геннадий Головкиннің бұрынғы тәлімгері Абель Санчес Саулды "Канело" Альваресті әлемдегі ең мықты боксшы деп атады.

Ол мексикалық спортшының қазіргі боксшылар арасында ең мықты деген атаққа лайықты екенін мойындады.

Санчес "Канелоның" ешкіммен жекпе-жек өткізгісі келмейтін боксшылармен кездесу өткізуге ұсыныс тастағанын және оларға қарсы шыққанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
9
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel