RU
Ресейлік MMA спортшысы Қазақстанға чемпиондық белбеуін сыйға тартты (видео)

Ресейлік MMA спортшысы Қазақстанға чемпиондық белбеуін сыйға тартты (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейдің аралас жекпе-жек спортшысы Альберт Туменов Қазақстанның оңтүстік астанасында өткен ASA турнирінің негізгі матчында қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Кездесуден кейін ол Қазақстанға деген сүйіспеншілігін мойындады. Сонымен қатар спортшы өзінің чемпиондық белбеуін Қазақстанға сыйға тарту туралы шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Альберт Түменовтің қазақстандықтарға деген көзқарасы және чемпиондық белбеу сыйға тарту туралы айтқан шешімі Instagram желісінде спортшының жеке парақшасындағы видеода бейнеленді.

Спортшы халқымызға деген құрметтің белгісі ретінде чемпиондық белдікті Қазақстанға бергісі келетінін айтты.

Сонымен бірге ол қазіргі уақытта бұл белбеу оның қолындағы ең қымбат дүние екенін түсіндірді.

Альберт Түменов халқының қоныс аударуы кезінде қазақстандықтардың оларды жылы қабылдағаны себепті осындай шешімге келгенін түсіндірді.

Ол Қазақстан оныңс екінші отаны екенін баса айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық аралас жекпе-жектен күрескер Жасұлан Әкімжан Сочидегі жарыста Олимпиада жүлдегерін "нокаутқа жібергені" белгілі болды.

Айта кетейік, жекпе-жектің соңына дейін қазақстандық спортшы бұрылыстан сәтті соққы жасап, 2016 жылғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
11
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel