RU
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өткізу бекеттерінің бірі жабылды

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өткізу бекеттерінің бірі жабылды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық және қырғызстандық "Кеген-Тасжол" және "Қаркыра-автожол" бақылау-өткізу бекеттері қыс мезгіліне жабылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өткізу бекеттерінің бірі жабылады

Көрнекі фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Бақылау-өткізу бекеттері бүгін, 1 желтоқсанда жабылды.

Өткізу бекеттерін жабу туралы бастама Қазақстанға тиесілі. Бұл шешім ауа-райы мен жол жағдайларының нашар болуына қатысты қабылданды.

Сондай-ақ, әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін бекеттердің жабылғандығы айтылады.

Айта кету керек, бұл өткізу бекеттері маусымдық болып табылады және әдетте ол қыста жабылады.

Еске салсақ, өткен жазда қазақстандықтардың Қырғызстанға кіру ережелеріне өзгертулер енгізілетіні белгілі болды.

Ол кезде құжат Қазақстан мен Қырғызстан депутаттарының қарастыруында болды. Өзгерістер қабылданған жағдайда, қазақстандықтар туу туралы куәлікке қоса берілген анықтама-қосымшаны қажет етпейтіндігі туралы хабарланды.

Бұған дейін 16 жасқа дейінгі баланың фотосуретін енгізу міндетті болып табылған.

Өткен қыркүйекте БАҚ Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болғанын хабарлады.

Ол кезде бір адам қайтыс болып, 13 адам жарақат алғаны белгілі болды. Тәжікстан азаматтарының мемлекеттік шекараның белгісіз учаскесіндегі нысанның құрылысы қақтығысқа себеп болған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel