RU
Ресейде автобус көпірден құлады: 18 адам қаза тапты (фото, видео)

Ресейде автобус көпірден құлады: 18 адам қаза тапты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ішінде 43 адам болған жолаушылар автобусы Байкалдағы көпірден өзенге құлады. Қазіргі уақытта көліктің жүргізушісін қосқанда 18 адамның қаза болғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресейде автобус көпірден құлады: 18 адам қаза тапты (фото, видео)

Фото: "Силовики" Telegram-арнасы

Байкал аумағында қорқынышты жол-көлік оқиғасы болды. Бастапқыда апаттан он адам қаза болды деп хабарланған болатын, бірақ қазір бұл көрсеткіш 18-ге жетті.

Алдын-ала болжам бойынша, жолаушылар көлігінің дөңгелектері жарылып, содан кейін жүргізуші рульді басқара алмай, автобус көпірдің қоршауын бұзып өтті деп хабарлайды "Силовики" Telegram арнасы.

Ресейдің тергеу комитеті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қалған жолаушыларды құтқаруға автобус астындағы мұздың жарылып кеткендігі кедергі келтіріп отыр және оған ауыр техниканың жақындауы қауіпті.

Автобусты жүк көлігі крандарының көмегімен көпірден көтереді деп болжануда.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, апат Чита-Сретенск тас жолында болған. Оқиға орнында жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Автобус мұз астындағы суға құлап кетуім мүмкін деген қауіп бар.

Жолаушылар көлігінің жүргізушісі отыз жылдық өтілі бар 47 жастағы ер адам. Оның апаттан аман қалмағаны белгілі.

Автобустың өзі - туристік көлік. Читадан жолаушыларды әкетіп жатты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel