Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келіншек суреттен өзінің дүниеге келмей қалған әпкесінің елесін көрді (фото)

Опубликовано:

Англияның Йоркшир қаласының тұрғыны Келли Грин досымен видеоқоңырау арқылы сөйлесіп отырып, күтпеген жерден өмірге келмей қалған әпкесінің елесін көріпті. Бұл туралы оған оның туған әкесі айтқан екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

Келіншек суреттен өзінің дүниеге келмей қалған әпкесінің елесін көрді
Фото: 120.su: UGC

Келли Грин есімді бойжеткен бөлмеде жалғыз отырып, жақын досымен ұялы телефон арқылы сөйлескен. Видеоқырау шылған жақыны кенеттен әйел адамның артында түсініксіз бірдеңенің барын байқап қалған екен.

Ол бірден скриншот жасап, келіншекке суретті жіберіпті. Келлидің иығының ар жағында ұзын шашты келіншекке ұқсаған әлдене тұрды.

Елестің суреті Келлидің әкесін қызықтырып қойды. Ер адам бұрыннан бері елестерді аңдумен айналысып жүрген екен.

Суретті көрегн ер адам ол келіншектің жай ғана елес емес екенін алға тартты. Келлидің әкесінің сөзінше, бұл әйел адамның дүниеге келмей қалған әпкесінің елесі екен. Келлидің анасы оны тумас бұрын екі жыл алдын түсік тастап, сәбилі бола алмай қалған екен.

Енді осындай қызық жағдайға тап болған отбасы арнайы мамандарға барып, тылсым дүниеден келген келіншектің шын мәнінде кім екенін анықтамақ. Олар арғы өмірден келген аруға бірнеше сұрақ қою үшін, онымен кездесуді ойлап жүр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1829930-kelinsek-suretten-zini-dniege-kelmej-kalgan-pkesini-elesin-krdi-foto/

pixel