RU
Немересін қонаққа шақырмақ болған әжей кенеттен бөтен жігітпен туыс болып алды

Немересін қонаққа шақырмақ болған әжей кенеттен бөтен жігітпен туыс болып алды

Рассказать Вконтакте

Америка Құрама Штаттарының тұрғыны алғыс айту күніне орай жасалатын дастарханнан дәм тату үшін немересін шақырмақ болып, оған хат жазыпты. Алайда оның орнына келіншек шақыртуды мүлде бейтаныс ер адамға беріп жберіпті деп жазады KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

Немересін қонаққа шақырмақ болған әжей кенеттен бөтен жігітпен туыс болып алған

Фото: 120.su

Аризона штатының тұрғыны Ванда Денч та өмір бойы алғыс айту күні - отбасылық мереке деп ойлап келген. Алайда бірнеше жыл бұрын әйел адам мерекеге арналған шақырту қағазын туған немересіне жіберудің орнына бөтен адамға салып жіберіпті.

Белгілі болғандай келіншек жазған хат абайсызда Джамал Хинтон есімді ер адамның қолына түскен екен.

Хаттың күтпеген жерден танымайтын адамның поштасына түсінгенін түсінген келіншек пен Джамал қызықты жайтқа бір күліп алды. Десе де ер адам Вандадан мерекеге келуге рұқсат сұрапты. О баста келіншекке әзілмен сауал тастаған ер адам кенеттен алғыс айту күніне орай жайылған дастарханның қонағы болды.

Әйел адам өзінен рұқсат сұраған жігітті расымен де қонаққа шақырыпты. Ол өзінің қарт әжей екенін және барлық әжелер секілді тәттілер пісіріп, қонақ күткенді жақсы көретінін алға тартты.

Джамал рұқсат алғаннан кейін киелі болып саналатын мереке күні әйела адамның үйіне келіп, құтты қонақ болып қайтыпты. Солан бері төрт жыл өтті.

Джамал мен Ванда бүгінгі таңға дейін достық қарым-қатынастарын сақтап қалған. Оған қоса енді отбасыларымен бірге араласатын болыпты. Ванда Джамалды "жаңа немерем" деп атап кетіпті.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel