Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық 117 отбасы бұзылатын тұрғын үй үшін өтемақы алды

Опубликовано:

Екі жыл бойы алматылық 117 отбасы мәселелерінің шешіміне қол жеткізе алмады. Адамдардың сөзінше, олар тұрып жатқан үйлердің орнына жол айрығы салынатыны жарияланғанымен, тұрғындарына өтемақы төленбеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Алматылық 117 отбасы бұзылатын тұрғын үй үшін өтемақы алды
Фото: almaty.tv: UGC

Екі жыл бойы алматылықтар белгісіз күйде жүрді, себебі өз баспанасынан шығып не оны сата алмады: билік жол айрығын салу үшін олардың үйлерін бұзатыны туралы мәлімдеген.

Алайда тұрғын үйді сатып алу мәселесі осы уақыт ішінде шешілмеді. Алматылықтар мегаполис әкіміне мәселені шешуге көмектесуін сұрап жүгінді.

Бақытжан Сағынтаев, өз кезегінде, бұл мәселені Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде айтып, автокөлік жолдарының қиылысында бұзылатын үйлерге өтемақы төленбеуіне назар аударды.

Әкімдіктің мәліметінше, қараша айында республикалық бюджеттен 3,5 миллиард теңге түскен, содан кейін олар тұрғындарға төлем жасай бастаған.

Бүгінгі күні барлық 117 иеленуші өздеріне тиесілі нәрсені алды. Алматылықтардың мәселесі әкім Бақытжан Сағынтаевтың арқасында шешімін тапты.

Көп ұзамай тұрғындарды қоныстандыру туралы мәселе шешіледі.

Алдағы мерекелерге байланысты оларға келесі жылдың басында қоныс аударуға рұқсат етілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829942-almatylyk-117-otbasy-bzylatyn-trgyn-j-sin-temaky-aldy/

pixel