RU
Шалқарда жуырда төселген асфальттің жағдайы желіде қызу талқыланып жатыр (видео)

Шалқарда жуырда төселген асфальттің жағдайы желіде қызу талқыланып жатыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында осыдан бір ай бұрын салынған асфальт қайтадан құмға айналып жатыр. Бұл туралы Instagram желісін пайдаланушылар белсенді түрде жазып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шалқарда жол төсеушілер салған асфальт үгіліп жатыр

Фото: diapazon.kz

Шалқар қаласындағы жол салушылардың былығы туралы бұдан бұрын да хабарланған болатын.

Тамыз айында "Лилит" ЖШС жүргізген жол жөндеу жұмыстарының сапасыздығы туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары кезінде қыруар қаржының қолды болғаны туралы айтылып, қылмыстық іс қозғалған болатын.

Яғни, 2018 жылы Шалқар қаласындағы Бостандық, Қарағұл, Тұңғатаров және Боранбайұлы көшелерін жөндеу жұмыстары басталмай жатып, 29 миллион теңгенің аударылғанынын облыстағы аға прокурор Жәнібек Төребеков Қазақпарат агенттігіне растаған.

Облыстық прокуратура аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Алайда, Ақтөбе облыстық прокуратура өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне жауап берген жоқ.

Ал Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниевтің айтуынша, ауданда жол проблемасы жабылған.

Шалқарда жуырда төселген асфальттің жағдайы желіде қызу талқыланып жатыр (видео)

Фото: aktobetimes.kz

"Шалқар қаласындағы төрт көшедегі жол мәселесін облыстық прокуратура қарады. Алайда, жолдың барын, салынғанын көрген соң, іс жабылып қалды. Жолға қатысты қандай да бір мәселе жоқ", - деп қысқа қайырды әкім.

Ал Instagram желісінде жарияланған мына видеода қаладағы Желтоқсан көшесінде бір ай бұрын салынған асфальттің қайтадан құмға айналып жатқаны көрсетіледі.

Пікір жазушылар мұндай сапасыз жол үшін қыруар ақша жұмсаған жергілікті билік өкілдерін сынға алған.

Ал пікірлер бөлімінде "Шалқар қалалық ақпарат" аккаунты аталған асфальттің сапасыз салынуына байланысты мердігерлерден қабылданбағанын жазды.

Осы мәселеге орай облыстық прокуратурадан жауап күтеміз.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Шалқар қаласындағы жол төсеушілердің былығы әшкереленгенін хабарлаған едік.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel