RU
Конордың Хабибпен реванш өткізу туралы жоспары белгілі болды

Конордың Хабибпен реванш өткізу туралы жоспары белгілі болды

Рассказать Вконтакте

ESPN шолушысы әрі инсайдері Ариэль Хельванидің мәлімдеуінше, Конор Макгрегор 2020 жылы Хабиб Нурмагамедовпен реванш өткізіп, UFC чемпиондық белбеуін тартып алуға ниетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

"Макгрегор 2020 жылы үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Оның жұдырықтаспағанына үш жыл өтті, әрине, бұл қиынға соғады. Алайда, ирландиялық мақсатына жету үшін аянбай тер төгеді. Адамдар оның бұндай табандылығын көрмегеніне біраз болғанын айтады.
Сарронемен жекпе-жек өзткізгеннен кейін көктемде немесе жаздың басында октагонға шығуға ниетті. Бұл Масвидаль немесе Нейт Диазға қарсы жекпе-жек болуы мүмкін. Ал жылдың соңында ол Хабиб Нурмагамедов әлі де чемпион болған жағдайда, онымен Мәскеуде жекпе-жек өткізгісі келеді. Конор екі жекпе-жекті жеңіп, үшіншісінде чемпиондық титулды иеленіп, барлығының аузын жабуға ниетті", – деп мәлімдеді Ариэль Хельвани ESPN эфирінде.

Еске сала кетейік, екі салмақ санатындағы бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегор 18 қаңтарда Лас-Вегаста жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Дональд Сарроне болмақ.

Ирландиялық жұлдыз Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында аралас жекпе-жекке қайта оралғанын, сондай-ақ ресейлік Хабиб Нурмагамедовпен реванш өткізуге ниетті екенін мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
5
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel