RU
Забайкальедегі жантүршігерлік апаттан қаза болғандар тізімі жарияланды

Забайкальедегі жантүршігерлік апаттан қаза болғандар тізімі жарияланды

Рассказать Вконтакте

Жақында Ресейдің Забайкалье өңірінде болған жантүршігерлік жол апатынан 19 адам қаза болды, тағы 19-ы ауруханаға жеткізілді. Аймақ басшысы Александр Осипов қайғылы оқиғаның құрбандарына қаралы күн жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Силовики" Telegram-арнасы

Фото: "Силовики" Telegram-арнасы

Алдын-ала болжам бойынша, жолаушылар көлігінің дөңгелегі жарылып, автобус көпірден құлаған.

2 желтоқсан өңір бойынша қаралы күн болып жарияланды. Тулар түсіріліп, барлық іс-шаралар мен ойын-сауық сипаттағы телебағдарламаларға тыйым салынды.

Осипов қайғылы оқиға салдарынан жақындарын жоғалтқан адамдарға көңіл айтты. Сондай-ақ аймақ басшысы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге қолдан келгенше көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиғаның тергеу барысын Ресей Федерациясы тергеу комитетінің басшысы жеке бақылауына алды.

Life порталы қаза болғандардың алдын ала тізімін жариялады. Әзірге тізімде 19 адамның 17-сінің аты-жөні жазылған.

Апаттан қаза болғандардың алдын ала тізімі

Апаттан қаза болғандардың алдын ала тізімі

Еске сала кетейік, ішінде 43 адам болған жолаушылар автобусы Байкалдағы көпірден өзенге құлады.

Алдын-ала болжам бойынша, жолаушылар көлігінің дөңгелектері жарылып, содан кейін жүргізуші рульді басқара алмай, автобус көпірдің қоршауын бұзып өткен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel