RU
Сәтбаевта ішімдікке салынған отбасының үш жасар қызы қайтыс болды (фото)

Сәтбаевта ішімдікке салынған отбасының үш жасар қызы қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында қайтыс болған үш жасар Злата жер қойнына тапсырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото қыздың отбасының архивінен алынды

Фото қыздың отбасының архивінен алынды

Қайғылы оқиға ішімдікке салынған әлеуметтік әлсіз азаматтар тұратын пәтерде орын алған.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "жедел жәрдем" қызметі мәлім еткендей, қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің пәтерінен шақырту түскен.

"Балаға жедел жәрдем шақыртылғанын растаймыз. Алайда, қызды құтқара алмадық", – деп хабарлады жедел жәрдем қызметі.

Көршілерінің айтуынша, сол күні қайғылы оқиға орын алған үйде алкогольді ішімдіктер ішілген.

"Төбелес, айқай-шу болған жоқ. Көңіл көтеріп отырғандары естілді. Бірақ, балаға зияндарын тигізеді деп ойлаған да жоқпын", – дейді көрші пәтерде тұратын Наталья Синицина.

Қала әкімдігі қаза болған қыздың ата-анасына қажетті қаржылай көмек көрсетіліп, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жәрдем жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ қыздың ата-анасына моральдік көмек көрсету үшін психологтар тартылған.

Құқық қорғау органдары әзірге оқиғаға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартып, тергеу басталғанын жеткізді. Олар сотқа дейінгі тергеу амалдарының құпиялығына сүйеніп, өзге мәліметтер аталмайтынын алға тартты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel