Выйти
RU

Айбек пен Мақсат "Әлем барысының" келесі кезеңіне өтті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматының "Балуан Шолақ" спорт сарайында өтіп жатқан қазақ күресінен "Әлем барысы" чемпионатының алғашқы белдесуінде ел намысын қорғап жатқан Айбек Нұғымаров пен Мақсат Исағабылов қарсыластарын таза жеңіспен ұтып, келесі кезеңге өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айбек Нұғымаров. Фото ashgabat2017.com

Айбек Нұғымаров. Фото ashgabat2017.com

Екі дүркін "Әлем барысы" Айбек Нұғымаров алғашқы белдесуінде словениялық балуаннан оп-оңай айласын асырып кетті. Ал "Сыр барысы" Мақсат Исағабылов эстониялық балуаннан басым түсті.

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш президенті күніне орайластырылған "Әлем барысына" АҚШ, Австралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Жапония елдерінің балуандары қатысады.

Ал еліміздің намысын дүбірлі додада А.Нұғымаров (ШҚО), Р.Әбдіразақов (Алматы қаласы), М.Исағабылов (Қызылорда облысы), Н.Жарылғапов (Маңғыстау облысы) қорғайды.

Айта кетейік, "Әлем барысы" чемпионатының биылғы жүлде қоры – 20 миллион теңге. Жеңімпазға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орынға 6 млн теңге мен күміс белбеу және үшінші орынға 3 млн теңге мен қола белбеу табыс етіледі.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Айбек пен Мақсат "Әлем барысының" келесі кезеңіне өтті