RU
Әлем барысы: Тағы бір балуанымыз жарыс жолынан шықты

Әлем барысы: Тағы бір балуанымыз жарыс жолынан шықты

Рассказать Вконтакте

Алматының "Балуан Шолақ" спорт сарайында өтіп жатқан қазақ күресінен "Әлем барысы" чемпионатында тағы бір балуанымыз жарыс жолынан шығып қалды. Бұл жолы Маңғыстау обылсының өкілі Нұрдаулет Жарылғапов өзінің әдісіне өзі түсіп, жеңісті қолдан жіберіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: inform.kz

Фото: inform.kz

Ослыайша, ұпай саны бойынша алда келе жатқан Нұрдаулет Жарылғапов Грек балуанына есе жіберіп қойды.

Ал Айбек Нұғымаров пен Мақсат Исағабылов әзірге қарсыластарын қапы қалдырып, ширек финалға шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін аталған жарыста "Алматы барысы" Руслан Әбдіразақов та жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Тартысты белдесуде ол Моңғолия елінен келген қандасымызға есе жіберді.

Айта кетейік, IV "Әлем барысына" 30 елден келген 33 балуан қатысуда. Атап айтқанда, дүбірлі додада АҚШ, Австралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Жапония спортшылары бақ сынауда.

"Әлем барысы" чемпионатының биылғы жүлде қоры – 20 миллион теңге. Жеңімпазға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орынға 6 млн теңге мен күміс белбеу және үшінші орынға 3 млн теңге мен қола белбеу табыс етіледі.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel