Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда балалар үйінен екі тәрбиеленуші қашып кетті

Опубликовано:

Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы балалар үйінен кәмелетке толмаған екі қыз қашып кетті. Қазіргі уақытта оларға іздеу салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дарья мен Мишель
Дарья мен Мишель: UGC

16 жастағы Дарья Максимова мен 13 жастағы Мишель Лавриенконың қазір қайда екендері белгісіз.

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, қыздар әлеуметтік мекемеден 30 қараша күні 17:30-да қашып кеткен. Оларды іздеу жұмыстарымен Теміртау полициясының бірнеше аудандық бөлімшелері айналысуда.

"Қыздар жайлы қандай да бір ақпарат білген адмадарды Терміртау полиция басқармасының Старогород полиция бөлімшесіне мына нөмірлер бойынша хабар беруді сұраймыз: 8 (7213) 444-307, 444-302 немесе ұялы телефон нөмірі: 8 702 933 19 92", – делінген полицияның хабарламасында.

Ерекше белгілері:

Максимова Дарья Александровна: 05.08.2003 жылы туған, бойы – 150 сантиметр, денесі – ірі, шашы – қысқа, ақ сары. Үстінде батпақ түсті курткасы, көк джинсы, қара бәтіңке мен қара бас киім болған.

Лавриенко Мишель Анатольевна: 05.06.2006 жылы туған, бойы – 160 сантиметр, орташа денелі, шашы – ұзын. Үсітнде қызыл мамық куртка, қара шалбар мен қара шапка болған.

Терміртауда балалар үйінен екі тәрбиеленуші қашып кетті
Терміртауда балалар үйінен екі тәрбиеленуші қашып кетті: UGC

Еске сала кетейік, бұған дейін жоғалған балалар үйінің 11 жасар тәрбиеленушісі Артур Федоровтың табылғанын хабарлағанбыз.

Оның әпкесінің айтуынша, демалыс күндері Артурды үйіне алып кеткен. Ал балалар үйне қайтатын кезде жеткіншек қашып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830014-termirtauda-balalar-jinen-eki-trbielenusi-kasyp-ketti/

pixel