Выйти
RU

"Алматыметроқұрылыс" директорлар кеңесінің төрағасы кепілдікпен босатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алаяқтық бойынша күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалған "Алматыметроқұрылыс" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов кепілдікпен бостандыққа шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Реимов. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қайрат Реимов. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Реимовті кепілдікпен босатуға мүмкіндік беретін сот санкциясы 28 қарашада белгіленген.

Жексенбі күні, 1 желтоқсанда күдіктінің қорғаушылары кепілдік беріп, оны қамаудан босатып алды.

Еске сала кетейік, 27 қараша күні кешке "Алматыметроқұрылыс" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовтің ұсталғаны белгілі болды.

Алматыда баспасөз конференциясы өтіп, шахтерлар жаңа станциялар құрылысындағы мәселелерді баяндады.

Қызметкерлер компания басшысының ұсталуына байланысты инвесторлар жобадан бас тартады және еңбекақы төлеуде мәселелер туындайды деп алаңдап отыр.

Компанияның басқарушы директоры Батыр Адайбаевтың сөзінше, дәл ұсталған Реимов компанияның қаржылық сұрақтарын шешіп, толық процессті басқарған.

"Алматыметроқұрылыс" басшысының ұсталғанына қатысты Zakon.kz басылымына компанияның басқарушы директоры Батыр Адайбаев пікір білдірді.

Ол екі істің де ойдан шығарылғанын айтып, бұл жағдайдың жұмыс барысына кері әсер тигізетінін алға тартты.

Айта кетейік, метрополитен құрылысы өткен айдың ортасында талқыға түсті. Ол кезде де шахтер баспасөз конференциясын жинаған. Олар компания басшысына қатысты жағдайдан соң "Сары-Арқа" мен "Достық" жаңа станциялары эксплуатацияға 2021 жылдан кейін берілуі мүмкін екенін айтқан еді.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Алматыметроқұрылыс" директорлар кеңесінің төрағасы кепілдікпен босатылды