RU
23 жастағы жігіт бұрынғы әйелінің үйін өртеп жіберіп, суретке түскен

23 жастағы жігіт бұрынғы әйелінің үйін өртеп жіберіп, суретке түскен

Рассказать Вконтакте

Сахалин облысындағы Новотроицкое ауылының тұрғыны бұрынғы әйелімен жанжалдасып қалып, оның саяжайындағы үйін өртеп жіберген. Ол сонымен қоймай өртеніп жатқан пәтердің жанына тұрып, селфи жасаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жігіт бұрынғы әйелінің үйін өртеп, жалынның жанында суретке түскен

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұрын сотталған 23 жастағы ер адам өзінің 46 жастағы бұрынғы әйелімен кезекті рет жанжалдасқан болатын.

Ол өзінен 23 жасқа үлкен келіншекпен ара қатынасын дұрыстау үшін Макаров ауданына келген, алайда әйел адам онымен сөйлесуден бас тартып, қашқақтай бастапты.

Кейіннен ер адам бұрынғы әйелінің жеке істерімен кетіп бара жатқан сәтін аңдып, күтіп отырған. Келіншектің пәтерден шыққанын көргеннен кейін ер азамат жедел түрде оның үйін өртеп жіберген.

Қызыл жалын әйел адамның баспанасын шарпып әкеткен.

Ол сонымен қоймай, жанып жатқан ғимараттың жанына тұрып, өзін өзі суретке түсірген. Бұл туралы облыстағы Ішкі істер министрлігінің сайтында хабарланды.

Ер адам Оңтүстік Сахалинскіде полициядан жасырынуды жоспарлаған, алайда полиция қызметкерлері оны бәрібір де ұстап, қамауға алған.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өртті тұтандырған ер азамат өзінің кінәсін мойындады, дәл қазір ол ешқайда шықпау туралы хатқа қол қойды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel