RU
Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолындағы жантүршігерлік апатта екі адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолындағы жантүршігерлік апатта екі адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

"Нұр-Сұлтан-Павлодар" тас жолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Екі адам қаза тапты, тағы сегізі, оның ішінде балалар да түрлі дәрежеде дене жарақаттарын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан - Павлодар тас жолында жантүршігерлік апат болды

Фото: Видеодан кадр

"КазАвтожол" компаниясының хабарлауынша, жантүршігерлік апат 2 желтоқсан күні Ленинский-Иртышск-Русская Поляна тас жолында болды.

Екі Kia Rio және VAZ-2109 маркалы көліктердің соқтығысуы салдарынан екі адам қайтыс болды. Тағы сегіз адам, оның ішінде бес бала түрлі жарақаттар алды.

Бұған дейін корейлік "көліктің" рөлдегі жүргізушісі жолда келе жатып ұйықтап қалғаны хабарланды. Сол себепті көлік қарсы қозғалыс жолағында болды.

Ресейлік машинаны басқарған 46 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды, ал оның жанында отырған 41 жастағы әйел адам медициналық мекемеге бара жатқан жолда жан тәсілім етті.

Сондай-ақ, зардап шеккен сегіз адам ауруханаға жеткізілді, олардың бесеуі (2002, 2006, 2011, 2018 ж., бесінші баланың туған жылы анықталуда) болды. Дәрігерлер қарап шыққаннан кейін бір ересек адам үйіне жіберілді. Қалғандары ауруханада.

Бұл жерде барлық қажетті белгілер орнатылды. Қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайларын полиция анықтап жатыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel