RU
Дабылды ескерту: Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

Дабылды ескерту: Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 3 желтоқсан күні Қазақстанның бірқатар аймағында қар жауады деп күтілуде. Тек батыс пен шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады деп хабарлайды "Қазгидромет".

ввввв

Көрнекі фото: NUR.KZ

Дабылды ескерту

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады және қар жауады.

Ақмола облысында синоптиктер тұман түсіп, бұрқасын болады деп болжайды. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Көкшетауда да тұман түседі деп болжануда.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел таңертең және күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан қаласында күн бұлтты болып, аздап қар жауады. Ауа температурасы күндіз – 2-4, түнде 5-6 градус аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз 2-6 градусқа дейін жылынады. Түнде ауа температурасы 3-5 градустан жоғары болады.

Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Күндіз 17 градус, түнде 4-6 градусқа дейін жылы болады.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түсіп, бұрқасындатады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында синоптиктер тұман түсіп, бұрқасындатады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.   

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп болжануда.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі.

Сонымен қатар, Түркістан, Маңғыстау және Алматы облыстарында синоптиктер желдің екпіні секундына 15-22 метрге дейін күшейеді деп болжайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel