RU
Ақтөбелік тұрғын алпысқа таяған анасын сабап, үйінен қуып шыққан

Ақтөбелік тұрғын алпысқа таяған анасын сабап, үйінен қуып шыққан

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі дағдарыс орталығына 58 жастағы әйел адам көмек сұрап келді. Ұлы мен қызына "сыймаған" егде тартқан әйел күйеулері сабаған келіншектермен бірге тұрған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік тұрғын алпысқа таяған анасын сабап, үйінен қуып шыққан

Көрнекі фото: pixabay.com

"Тұрмыстық зорлықта зәбір көрген келіншектердің жасы әртүрлі. Орталыққа келгендердің арасында 18 жастан 58 жасқа дейінгі әйел адамдар бар.

Құндақтағы кішкентай баласымен көмек сұрап жүрген көпбалалы аналар аз емес. Төрт немесе одан да көп баласымен дағдарыс орталықтарына келеді.

Бізде жатқан 58 жастағы әйел балаларының тарапынан зорлық көрген. Балалары қол көтеріп, ұйінен қуып шыққан", - дейді дағдарыс орталығының басшысы Динара Қарабалина.

Жанұясынан зәбір көрген нәзік жандылар көмек сұрап келетін орталықта алты ай тұру тегін. Оның ішінде тамағы, жатын орны бар.

Осы уақыт аралығында әйелдер өзіне келіп, әлеуметтік және медициналық көмек ала алады.

Биыл орталыққа 95 адам көмек сұрап келген. Оның 33-і әйел адам болса, 62-сі бала.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысында СЭҚ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері соңғы екі жыл ішінде бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша 178 тергеу жүргізіп, бюджеттен 830 миллионнан астам теңге ұрланғанын анықтаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel