Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте улы газдан бір тәулікте 11 жанұя зардап шекті

Опубликовано:

Шымкент қаласында улы газдан бір тәулікте 11 отбасы зардап шекті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Elitar басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Айта кетейік, басылым бетінде "Шымкент қаласында 1 желтоқсан күні 11 адам улы газбен улану оқиғасы тіркеліп, 28 адам зардап шегіп, 1 адам қайтыс болған" деген ақпарат пайда болған.

Отырар телеарнасының мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қалалық департамент пікір білдірді

"Шымкент қаласында 1 желтоқсан күні улы газдан қайтыс болған оқиғасы тіркелген жоқ. Түркістан облысы Сайрам ауданында улы газдан уланып қайтыс болу күдігі оқиғасымен тіркелген. Уланудан зардап шеккен 28 адам оқиғасы бойынша Шымкент қаласындағы токсикологиялық орталығына келіп алғашқы медициналық тексеруден өтіп, үйлеріне қайтарылған. Сондықтан қала бойынша ешқандай төтенше жағдайлар тіркелмеген. Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан аталған мекен жайларда тиісті үгіт насихат жұмыстары жалғасуда", - деп мәлімдеді ведомство.

Еске сала кетсек, 10 қыркүйекте Түркістан қаласында жарылыс болып, артынан ірі өрт шықты.

Сол кезде төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Саттарханов көшесі бойындағы "ROYAL GRAND HOTEL" қонақ үйінің аумағында газ баллондарын тасымалдайтын "ЗИЛ" автокөлігі өртенген. Салдарынан баллондардың бірі жарылып, артынан ірі өрт шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830063-symkentte-uly-gazdan-bir-tulikte-11-zana-zardap-sekti/

pixel