Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысындағы автобус апаты: Қайтыс болғандар саны артты

Опубликовано:

Құтқарушылар Қызылордадан 85 шақырымдық тас жолда жолаушылар автобусының аударылып кетуі салдарынан қайтыс болған тағы үш адамның денесін тапты. Зардап шеккендерді құтқару жұмыстары әлі аяқталмағаны атап өтілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: UGC

Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында қайтыс болған тағы екі адамның денесі табылған.

Мәліметке сәйкес, қоғамдық көлікте 35 жолаушы болған.

Жол апатынан 8 адам ажал құшқан, оның бірі ауруханаға апара жатқан жолда жан тапсырған.

Автобус "Құмкөл-Қызылорда" бағытында кетіп бара жатқан.

Жол апаты Қызылордадан 85 шақырым қашықтықта орын алды. Қызылорда облыстық ТЖД базасында жедел штаб ұйымдастырылды.

Оқиға орнында 13 адам мен 4 бірлік апаттық техника, 6 жұмысшы және 2 бірлік МПС жабдығы, 12 жұмысшы және 4 бірлік БМСП техникасы жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, "Қызылорда-Құмкөл" тас жолында жантүршігерлік апат орын алды. Көктайғақтың салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус жолда аударылды.

Оқыс оқиға салдарынан төрт адамның қаза тапқаны анықталды. Жапа шеккен 15 адам автобустан шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830071-kyzylorda-oblysyndagy-zol-apaty-kajtys-bolgandardy-sany-artty/

pixel