Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отбасылық өмірде жиі кездесетін қиындықтар туралы білесіз бе

Опубликовано:

"Үйлену оңай, үй болу қиын" демекші шаңырақ көтергеннен кейін отбасылық дағдарыстар орын алады. KAZ.NUR.KZ порталы Рамблерге сілтеме жасап ондай жағдайларда өзіңізді қалай ұстап, өтпелі кезеңнен ажыраспай шығудың жолдарын айтпақ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Кім бұл?

Дағдарыс үйлене салысымен басталуы мүмкін. Жастар қыз-жігіт кезеңінен өтіп, отбасылық өмірге қадам басады. Жастар жүріп жүрген кезде бір-бірін тек жақсы жағынан көрсетуге тырысады. Ал үйленгеннен кейін әйеліне күйеуінің сағаттап футбол көретіні, еріне келіншегінің сағаттап телефонда отыратыны ұнамай бастайды.

Бұл жағдайдан шығудың жолы: Байсалды болыңыз, қисынсыз әрекеттерге, жұбыңыздың кемшін тұстарына сабырмен қараңыз. Ол адамды сүйіп, өз еркіңізбен қосылғаныңызды есіңізден шығармаңыз.

Баланың пайда болуы

Бұл адам өміріндегі ең қуанышты оқиға болса да, баланың пайда болуы көп жағдайда мәселе болып жатады. Әйел адам уақытының көп бөлігін баламен өткізіп, үлкен жауапкершілікті мойнына алады. Келіншектер қауымы күйеуінің көмектеспейтініне шағым айтса, ер адам жарым уақыт бөлмеді деп араларында ұрыс пайда болуы мүмкін.

Бұл жағдайдан шығу үшін екінші жартыңызға уақытты көбірек бөліңіз. Кейде туыстарыңыздың көмегіне жүгініп, сүйіктіңізбен кездесуге барыңыз.

Орта жастағы дағдарыс

Орта жасқа келген адамдар өмірінің жылдам өтіп бара жатқанына алаңдай бастайды. Осы кезде адамдар қисынсыз әрекеттер жасап, өз-өзіне ұқсамай жатады.

Мұндай кезеңдерде жұптар отырып, ашық сөйлесулері керек. Бір-бірін не алаңдататынын, мәселелерін түсініп, анықтаса, дағдарыстан оңайырақ шықпақ.

Балалар жыраққа кеткен сәттегі дағдарыс

Балалар үлкен өмірге қадам басқан кезде, жұптар өздерін айдалада қалғандай сезінеді. Олар бірнеше жылдар бойы қамқорлық жасап келген балалары енді қолдаулрына мұқтаж болмайтынын түсінген сәтте де дағдарыс кезеңі басталады.

Мұндай жағдайда бір-біріңізге түсіністікпен қарап, ортақ мақсаттар қойып, оларға бірге жетуге тырысуы керек.

Зейнет жасы

Адам баласы жаңа, уайымсыз өмір басталады деп зейнет жасын өте қатты күтеді. Алайда зейнетке шығу сізді қанағаттандырмауы мүмкін. Зейнеткерлердің өзін жалғыз сезініп, күйзеліске түсетін кезеңі басталып, олар өмірдің мәнін жоғалтып алуы мүмкін.

Зейнет жасында жақсы, көңілді өмір сүру үшін өзіңізге жаңа іс, хобби тауып лыңыз. Сол кезде өмірдің де, отбасының да мәні қайтып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830072-otbasylyk-mirde-zii-kezdesetin-kiyndyktar-turaly-bilesiz-be/

pixel