RU
Тәуекел Мүсілімнің келіншегі күйеуімен қалай танысқанын айтып берді

Тәуекел Мүсілімнің келіншегі күйеуімен қалай танысқанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана шаңырақ көтерген танымал актер Тәуекел Мүсілімнің келіншегі Махаббат Түктібаева өнер иесімен қалай танысқанын айтып берді. Оның сөзінше, ғашықтар осы жылдың сәуір айында танысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Соңы тойға ұласқан таныстық оқиғасы туралы жұлдызды келін өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Махаббат 2019 жылдың ақпанында оқуына байланысты Алматыға келген. Айтуынша, ол бұған дейін модельдік студияда жұмыс істеп, әртүрлі конкурстарға, көрсетілімдерге қатысыпты.

Сөйтіп, мүмкіндіктер қаласы Алматыға келген ол кастингтерге қатыса бастайды. Махаббат бір жарнаманы тауып алып, оған өтініш жібереді. Бірнеше уақыттан кейін оған оң жауап келіп, белгіленген күні түсірілімге барады.

"Кездесу орнына келіп, аталған түсірілімнің ұйымдастырушыларымен таныстым. Сценарий бойынша роликте үш қыз түсу керек. Мен және екінші қыз орында болдық, ал үшінші қыз кешігіп жатты. Әрқайсымызды жеке түсіріп алды.
Содан кейін Тәуекел келді. Біздің бәрімізді онымен тез-тез таныстырып, ортақ сахналар түсіріліміне кірісіп кеттік. Олар өте қысқа болғандықтан, тез аяқтадық", - деді актердің жары.

Өзінің рөлі аяқталғандықтан Махаббат үйіне қайтуға бел буады. Бұл кезде үшінші қыз әлі келмеген. Киімін ауыстырып, көшеге шыққан ол телефонының қуаты бітіп қалғанын байқайды.

Қаланы жақсы білмейтін жас ару үшін телефон ауадай қажет болған. Алайда ол қуаттайтын құрылғы таба алмапты.

"Ұйымдастырушылардың бірі үшінші қыз келді ме, жоқ па көру үшін төменге түсті. Менің отырғанымды көрген ол түсірілім біткенше күте тұруымды, аяқталған соң бізді транспортпен қамтамасыз етіп, үйге дейін апарып салатынын айтты.

Телефоным өшіп, қайтар жолды білмеген соң күтуден басқа амалым қалмады. Содан соң ол Тәуекелдің менің нөмірімді сұрағанын айтып, беруге бола ма деді.

Мен жай ғана күліп, мазақ етіп тұрған болар деп ойладым. Сосын кіреберісте тағы біраз отырғаннан кейін айналамды аралай бастадым.

Бір кезде күтпеген жерден "Сені жеткізіп салайын ба?" деген дауыс шықты. Қатты қорқып кетіп, артыма қарасам Тәуекел тұр. "Егер жолымыз бір болса ғана" дедім.
Ал ол менің қайда барарымды білмесе де жолымыз бір деп жауап берді. Расымен де ол ойлағандай жолымыз бір екен. Осылай басталды... Бұл 2019 жылдың сәуірінде болған", - деді Махаббат Түктібаева.

Сіздің реакцияңыз
3
2
1
2
1
22
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel