RU
Қызылорда облысындағы жол апаты: Автобустың ішінде мұнайшылар болған

Қызылорда облысындағы жол апаты: Автобустың ішінде мұнайшылар болған

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында таңертең жантүршігерлік жол апаты болды. Оқыс оқиға туралы әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жанат Абдрахманов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Соңғы мәліметтер бойынша Қызылорда-Құмкөл тас жолындағы апаттан қаза тапқандар саны 8 адамға жетті, 21 адам зардап шекті.

Автобустағы жолаушының барлығы Қазақстан азаматтары екендігі айтылды.

Мұнай компаниясына қарасты автобус жолаушылары Құмкөлге жұмысқа бара жатқан.

Абдрахмановтың сөзінше, автобус жүргізушісі көктайғақтан рөлге ие бола алмай, салдарынан аударылды.

Қазіргі уаөытта тергеу органдары жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетсек, "Қызылорда-Құмкөл" тас жолында жантүршігерлік апат орын алды. Көктайғақтың салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус жолда аударылды.

Соның салдарынан бірнеше адам қаза тапты.

Автобус "Құмкөл-Қызылорда" бағытында кетіп бара жатқан.

Жол апаты Қызылордадан 85 шақырым қашықтықта орын алды. Қызылорда облыстық ТЖД базасында жедел штаб ұйымдастырылды.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнында 13 адам мен 4 бірлік апаттық техника, 6 жұмысшы және 2 бірлік МПС жабдығы, 12 жұмысшы және 4 бірлік БМСП техникасы жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel