RU
Қайрат Реимов 25 млн теңге кепілақы төлеп, бостандыққа шықты

Қайрат Реимов 25 млн теңге кепілақы төлеп, бостандыққа шықты

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Алматыметроқұрылыс" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовтың ісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Реимов. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қайрат Реимов. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ведомство басшысы алаяқтық бойынша іске күдікті ретінде тартылған Реимовтың қазіргі уақытта бостандықта екенін растады. Ол кепілдікпен босатылған.

Тұрғымбаевтың сөзінше, сот бұған дейін сот оны қамауға алуға санкция беріп, кепіл ретінде 25 миллион теңге соманы белгілеген. Министрдің хабарлауынша күдікті тарап талған сомаға бағаланатын мүлікке құжаттар берген. Осыдан кейін төраға бостандыққа шығарылған.

Еске сала кетейік, 27 қараша күні кешке оңтүстік астанада өткен баспасөз конференциясында "Алматыметроқұрылыс" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовтің ұсталғаны белгілі болды.

Алдын ала тараған ақпараттарға сәйкес, ол аса ірі көлемде алаяқтық әрекетін жасаған деп күдіктеліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ, компания қызмекерлері компания басшысының ұсталуына байланысты инвесторлар жобадан бас тартады және еңбекақы төлеуде мәселелер туындайды деп алаңдап отырғаны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel