RU
Алмас Кішкенбаев елордадағы қымбат пәтерін ұтысқа тігіп жатыр (видео)

Алмас Кішкенбаев елордадағы қымбат пәтерін ұтысқа тігіп жатыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Алмас Кішкенбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы бизнес санатындағы екі бөлмелі пәтерін ұтысқа тікті. Эстрада жұлдызы әлеуметтік желіде ауқымды конкурс ұйымдастырып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алмас Кішкенбаев елордадағы екі бөлмелі пәтерін ұтысқа тігіп жатыр (видео)

Алмас Кішкенбаев. Фото: Instagram

Кішкенбаевтың сөзінше , астананың қақ ортасындағы пәтермен қатар, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар да беріледі.

Нақтырақ айтқанда, 200 адам бес мың теңгеден, 40 адам 10 және 20 мың теңгеден, 10 адам 50 теңгедеден алады. Сондай-ақ, 5 адам 100 мың теңгеге ие болса, төрт адам 150 мың теңге жеңеді. Ал бес адам Iphone X ұялы телефонының жеңімпазы атанады.

Байқаудың әділ өтуіне сендірген эстрада жұлдызы тікелей эфирге кіріп, өз үйін де көрсетіп шыққан. Осылайша, ол көпшілікті конкурсқа белсене атсалысуға шақырыпты.

Бұл конкурстың қатысушысы атану үшін 10 мың төлеу қажет. Конкурс 25 желтоқсанға дейін жалғасады.

Айта кетейік, Таиландтың Бангкок қаласында тұратын Порнтида Чамнанвет есімді келіншектің күйеуі ұтыс шыққан лоторея билетін алып қашып кеткен. 23 жастағы келіншек 34 жастағы жолдасымен бірге жергілікті фабрикада еңбек етіп, бірнеше рет лоторея билеттерін сатып алған.

Сөйтіп Порнтида таңдаған билеттің бірінен ұтыс шығады. Бақытты жұптың 6 миллион батты (78 млн теңге шамасында) алып кетулері керек болады. Әйел тіпті шыққан ұтысты теңдей бөлісуге келіседі. Сөйтіп ғашықтар жеңістерін полиция учаскесіне барып тіркеп, тіпті естелікке бірге суретке түседі.

Алайда мұндай сомадан басы айналған ер адам жұбайынан 4 миллион ақшаны талап етеді. Әйелі келіспеген соң ол ұтыс билетін алып, жалдамалы пәтерден қашып кетіпті.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel