RU
Жаңа жылдық мерекелік кешті мемлекеттік мекемелер атап өте ме

Жаңа жылдық мерекелік кешті мемлекеттік мекемелер атап өте ме

Рассказать Вконтакте

Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары әрі Қазақстанның қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік секторда жаңа жыл мерекесін тойлауға, оған бөлінетін ақшаға қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Министр мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар жаңа жылдық кештерді бюджет және мемлекеттік компаниялар есебінен өткізбеуі керектігін ескертті.

"Корпоративтік іс-шараларға келетін болсақ, Қаржы министрлігі биыл Жаңа жылды тойламайды, көңіл көтеру іс-шараларын өткізу жоспарымызда жоқ. Жалпы, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар корпоративті іс-шараларды бюджет және мемлекеттік компаниялар есебінен өткізбеуі керек деп ойлаймын", - деді Смайылов.

Сондай-ақ, ол корпоративтік кештердің қандай жағдайда болуы мүмкін екенін жеткізді.

"Егер жиналып, көңіл көтеруге ниет болса, мұны жұмысшылар өз есебінен жасай алады. Жұмысшылар өздері бас қосып, тойлаймын десе, өз еркі, оған қатысты ешқандай проблема жоқ", - деді қаржы министрі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel