Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда мас ер адам ұрланған көлікпен әйел адамды қағып өлтірді (видео)

Опубликовано:

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері автокөлік ұрлады деп күдікке ілінген 23 жастағы ер адамды ұстады. Қылмыс жасалғаны туралы хабар түскен соң, бірнеше минуттан кейін ұрланған көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: Нұр-Сұлтан ПД
Видеодан кадр: Нұр-Сұлтан ПД: UGC

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, кезекші пультке белгісіз адамның жүргізушіні ұрып, автокөлікті ұрлап кеткені туралы хабарлама 3-желтоқсан күні, сағат 06.52-де түскен.

Арада алты минут уақыт өткенде, сағат 06.59-да бейнебақылау камерасы Тәуелсіздік көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде аталған көліктің екі адамды қағып кеткен сәтін түсіріп алған.

Видеороликтегі кадрларға қарағанда автокөлік тізгіндеген ер адам тежегішті басуға мүлдем әрекеттенбеген.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасының салдарынан 48 жастағы әйел адам қайтыс болған.

Сондай-ақ 14 жастағы жеткіншек әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Полиция күдіктіні екі қылмыс жасағаны үшін ұстады. Өазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторында қаамуда отыр.

Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 345 және 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Ескерту! Видео аяғы ауыр және психикасы тұрақсыз адамдарға көруге ұсынылмайды!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1830127-nr-sltanda-mas-er-adam-rlangan-klikpen-jel-adamdy-kagyp-ltirdi-video/

pixel