RU
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы тегін өзгертті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы тегін өзгертті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық саясаттанушы, саясат тақырыбындағы ең танымал арналардың бірінің авторы Ербол Еділов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы тегін өзгерткенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тимур Кемел. Фото: t.me/yyedilov

Тимур Кемел. Фото: t.me/yyedilov

Саясаттанушы өзінің Telegram-арнасында Қазақстан президентінің ұлының фотосы мен қазіргі төлқұжат деректерін жария етті.

"ҚР президентінің ұлы, кәсіпкер Тимур Тоқаев тегін өзгертіп, енді Тимур Кемел болды", – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, биылғы қазан айында Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып табылатын Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы Тимур Тоқаевтың суретін жариялаған болатын.

Ашық дереккөздерден Тимурдың 1984 жылы дүниеге келгені және кәсіпкер болып табылатыны белгілі.

Ол 2009 жылы "Батысқа қатысты Қазақстан Республикасының стратегиясы " тақырыбында диссертация қорғап, саяси ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.

Кемел – Тимурдың атасының, Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесінің есімі. Президент өзінің кітабында отбасы, әкесі жайлы егжей-тегжейлі баяндайды.

Кемел Тоқаев соғыс ардагері, танымал журналист және жазушы болған. Оның есімі публицистика мен әдебиет саласында жиі аталатын. Сондай-ақ оның Қазақстандағы детектив жанрының негізін салушы болып танылғанын айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
3
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel