RU
Қызылорда облысындағы жол апаты: Тоқаев марқұмдардың отбасына көңіл айтты

Қызылорда облысындағы жол апаты: Тоқаев марқұмдардың отбасына көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында болған автобус апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ТЖК, Ақорда

Фото: ТЖК, Ақорда

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс", - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, "Қызылорда-Құмкөл" 3 желтоқсанда тас жолында жантүршігерлік апат орын алды. Көктайғақтың салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус жолда аударылды.

Соның салдарынан бірнеше адам қаза тапты. Кейінірек қайтыс болғандардың мұнайшылар екендігі белгілі болды.

Жол апаты Қызылордадан 85 шақырым қашықтықта орын алды. Осы оқиғаға байланысты Қызылорда облыстық ТЖД базасында жедел штаб ұйымдастырылды.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнында 13 адам мен 4 бірлік апаттық техника, 6 жұмысшы және 2 бірлік МПС жабдығы, 12 жұмысшы және 4 бірлік БМСП техникасы жұмыс істеген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel