RU
Қызылорда облысында автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Қызылорда облысында автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысындағы тас жолда автобустың қатысуымен болған жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Агенттіктің мәліметінше, қазіргі уақытта медициналық мекемеге жеткізілген 20 зардап шегуші туралы ақпарат бар.

Өңірдегі жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Алмат Құрманғалидің сөзінше, қазіргі таңда әртүрлі жарақат алған 20 адамның 14-і облыстық медициналық орталықта жатыр.

Науқастарға қажетті шұғыл көмектің бәрі көрсетілуде. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде.

Қалған 6 адам қалалық ауруханаға жеткізілген.

Ол барлық медицина мамандары жағдайдан құлағдар екенін атап өтті. Дәрігерлер кез келген уақытта көмек көрсетуге әзір.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Қызылордадан 85 шақырым жерде Құмкөлден облыс орталығына қарай бет алған автобустың аударылғаны хабарланды. Көлік ішінде 36 қазақстандық болған.

Қайтыс болғандар туралы мәліметтер өзгеруде. Қазіргі уақытта 8 адамның қаза болғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, аударылған автобустан тағы 29 адамның зардап шеккені туралы ақпарат тарады.

Алдын-ала мәлімет бойынша, жолдің беті тайғақ болуы жол апатына себеп болған. Жүргізуші автобус тізгініне ие бола алмай қалған болуы мүмкін.

Көмек көрсету үшін оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер аттанып, жедел штаб құрылған.

Айта кетейк, қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel