Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сындыру керек": Хабиб Фергюсонмен жекпе-жекке дайындығы жайлы айтты

Опубликовано:

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагамедов америкалық спортшы Тони Фергюсонмен өтетін жекпе-жегіне дайындық барысы туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Нурмагамедов жаттығу барысында барынша тер төгіп еңбектенетінін мәлімдеді. 31 жастағы аралас жекпе-жек шеберінің айтуынша, ол қазір нағыз бабында.

"Тұла бойымды бір жалын шарпып өткендей сезінемін. Жаттығуларым бұған дейінгі жекпе-жектерге дайындық барысынан өзгешеленбейді. Аралас жекпе-жектерде күресіп, ұрып, қылқындырып, сындыру керек. Тек тәсілдер ғана өзгеруі мүмкін", – деп түйіндеді ресейлік спортшы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нурмагамедовтың менеджері Али Абдельазиз өзінің Instagram парақшасында ресейлік спортшының алдағы жекпе-жегі мен қарсыласы туралы ақпаратпен бөліскен болатын.

Ресейлік спортшы америкалық Тони Фергюсонмен келісім шарт жасасқан. Айтулы жекпе-жек келесі жылдың 18 сәуірінде Бруклинде өтеді.

"Чемпион Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізу туралы келісім шартқа қол қойды. Бұл адамның өзін сабауды сұрап жүргеніне көп уақыт болды, енді 18 сәуірде соған мүмкіндік алады. "Қыран" Бруклинге тағы бір рет қонады. Бұл жанкүйерлер үшін", – деп жазды Нурмагамедовтың менеджері Али Абдельазиз өзінің Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830141-syndyru-kerek-habib-fergusonmen-zekpe-zekke-dajyndygy-zajly-ajtty/

pixel