RU
Миллионермін деп әйелдердің басын айналдырған алаяқтың өтірігі әшкере болды

Миллионермін деп әйелдердің басын айналдырған алаяқтың өтірігі әшкере болды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың танысу сайттарында аруларды алаяқтық жолмен алдап, олардан ақша алған ер адам жеті жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

35 жастағы Джон Мартин Хилл 27 қарашада сот алдында жауапқа тартылды. Оған алаяқтықтың көптеген эпизодтары бойынша айып тағылды.

Америкалық ер адам танысу сайттарында нәзік жандыларды алдап, олардан ақша алып отырған. Сот оған қатысты 7 жылға бас бостандығынан айыру және 13 жылға шартты түрде қамау туралы бұлтартпау шарасын белгіледі.

Сондай-ақ ол алаяқтық әрекетінен құрбан болған әйелдердің біріне 83,5 мың доллар төлеп, BMW автокөлігін беруге міндеттелді.

Аталған автокөліктің сол әйелдің ақшасына сатып алынғанын айта кету керек. Бұдан бөлек, сотталушы түзету мекемесінен босап шыққан соң, оған танысу сайттарын пайдалануға тыйым салынады.

Ер адамның арбауына түскен келіншектердің бірі онымен 27 наурызда Match.com сайтында танысыпты. Сол күні олар кездесіп, ал бір аптадан соң Хилл оған шаңырақ көтеруге ұсыныс жасаған.

Өзін миллионер етіп таныстырған жігіт "болашақ қалыңдығына" үй сатып алулары керек екенін мәлімдеген.

Осылайша, алаяқтық жолмен арудан ақша алған Хилл сол күйі із-түзсіз жоғалып кеткен.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, сотталушы бұған дейін Дулут қаласында басқа әйелмен және баласымен тұрған. Соңғы 2,5 жылдың ішінде ол аты-жөнін бес рет ауыстырыпты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel