RU
Қызылорда облысындағы автобус апаты: Құтқарушылар оқиға барысын баяндады

Қызылорда облысындағы автобус апаты: Құтқарушылар оқиға барысын баяндады

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысы аумағында сегіз адамның өмірін қиған "Қызылорда-Құмкөл" тас жолындағы автобус апатына байланысты тиісті сала басшылары оқиғаның барысын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: ІІМ ТЖК

Фото: ІІМ ТЖК

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержановтың сөзінше, құтқарушылар оқиға орнына жете салысымен жол апатына тап болған азаматтарды құтқару шараларына кірісіп кеткен.

Десе де, сағат 6.40-та үш адамның денесі табылған.

"Арада 15 минут өткенде тағы бір адамның жансыз денесі сыртқа шығарылды. Ал 7.15-те құтқарушылар екі адамның денесін тапты. Құтқарушылар 7 адамның денесін сыртқа шығарды. Барлығы "Саутс-ойл" компаниясында қызмет атқарған.
Бізге белгілі болғандай, компания әрбір айдың 2 және 17 күндері ұжымда еңбек ететін мамандарды ауыстыру жұмыстарын жүргізген. Сондай мамандарды алып келген 4 автобус кеше адамдарды алып қайтқан", - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Омар Бержанов.

Сондай-ақ, ведомство басшысының сөзінше, Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті 2 желтоқсанда облыс аумағында көктайғақ, тұман және қатты жел болатыны жөнінде ұялы байланыс операторлары арқылы хабарлама таратқан.

Ескертуге қарамастан жолға шығудың салдары ірі жол апатына әкелген.

Сондай-ақ, тағы бір адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Қазіргі таңда қаза тапқан азаматтардың аты-жөні анықталуда.

"Бұл орайда аталмыш компанияның басшылық құрамы тиісті сала мамандарымен бірлесе жұмыс жүргізді. Алғашқы мәліметтерге сүйенсек, олар - Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тұратын азаматтар", - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Әмитов.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Қызылордадан 85 шақырым жерде Құмкөлден облыс орталығына қарай бет алған автобустың аударылғаны хабарланды. Көлік ішінде 36 қазақстандық болған.

Қайтыс болғандар туралы мәліметтер өзгеруде. Қазіргі уақытта 8 адамның қаза болғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, аударылған автобустан тағы 29 адамның зардап шеккені туралы ақпарат тарады.

Алдын-ала мәлімет бойынша, жолдің беті тайғақ болуы жол апатына себеп болған. Жүргізуші автобус тізгініне ие бола алмай қалған болуы мүмкін.

Көмек көрсету үшін оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер аттанып, жедел штаб құрылған.

Айта кетейк, қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Сонымен қатар, апаттан зардап шеккендердің жағдайлары да белгілі болды. Медициналық мекемелерге 20 адам жеткізілген. Оның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel