RU
Қарағандыда із-түзсіз жоғалған келіншектің денесі контейнерден табылды

Қарағандыда із-түзсіз жоғалған келіншектің денесі контейнерден табылды

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 3 желтоқсан күні Қарағандыда металл контейнерден із-түзсіз жоғалған келіншектің денесі табылды. Оны полицейлер мен еріктілер, қарапайым азаматтар бірге іздеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Жанар Бөлегеноваға із-түзсіз жоғалуына байланысты осы жылдың бірінші желтоқсанынан бастап іздеу жарияланған еді. Ал шын мәнінде келіншек 29 қарашадан бастап хабарсыз кеткен екен.

Бірақ оның жақындары жоғалған соң тек үшінші күні аудандық полиция бөліміне арыз жазыпты. Содан бастап іздеу жұмыстары басталып кеткен.

Қарағандылық әйел осы уақытқа дейін жақындарына ескертпей, үйден кетпеген. Ал іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылып, шатырларды, құдықтар мен қараусыз қалған ғимараттарды қарап шыққан.

Бүгін келіншектің денесі Қарағандыдағы ықшамаудандардың біріндегі металл контейнерден табылды. Ал полицияда контейнердің гараж немесе қоқыс жәшігі екенін нақтылаудан бас тартты.

Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, 38 жастағы әйелдің денесінің табылуына байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөліміне сәйкес іс ашылған.

Сонымен қатар полицейлер 36 жастағы күдіктіні ұстаған. Ол өз кінәсін мойындап та үлгерген.

Ал марқұм келіншектің соңында екі баласы қалды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel