RU
БАҚ: Ибрагимович "Миланға" оралуға келісті

Златан Ибрагимович "Миланға" оралатын болды

Рассказать Вконтакте

Швециялық футболшы Златан Ибрагимович спорттық мансабын Италияның "Милан" футбол клубында жалғастырады. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Златан Ибрагимович. Фото: eurosport.ru

Златан Ибрагимович. Фото: eurosport.ru

Басылымның мәліметінше, 38 жастағы футболшы италиялық клубпен жеке келісім шартының талаптары бойынша келісімге келген.

Қараша айында Ибрагимович MLS солтүстікамерикалық футбол лигасындағы "Лос-Анджелес Гэлакси" командасымен келісімін үзген. Аталған футбол клубында ол 2018 жылдан бері өнер көрсеткен.

Бұдан бұрын Италияның бұқаралық ақпарат құралдары мәлім еткендей, "Милан" Ибрагимовичтің командаға оралғанын 15 желтоқсанда жариялауға ниетті. Бұл күні миландық клубтың 120 жылдық мерейтойы аталып өтетінін айта кеткен жөн.

Еске сала кетейік, швед футболшысы Златан Ибрагимович Италияның "Милан" командасы сапында 2010-2012 жылдар аралығында ойнаған. Команда құрамында 85 матч өткізіп, 56 голдың авторы атанған Ибрагимович сол кезде Италия чемпионаты мен суперкубогын жеңіп алған.

Айта кетейік, швециялық бомбардир АҚШ-тың "Лос-Анджелес Гэлакси" командасы сапында 52 гол соғып, 17 нәтижелі пастың авторы атанды. Ол "Ювентус", "Милан", "Интер", сондай-ақ "Барселона" мен "Манчестер Юнайтед" сынды еуропаның азулы командаларындағы ойынымен көпшіліктің сүйікті футболшысына айналды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel