Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегіме қатты батты": Әбдіжаппар Әлқожаның ата-анасы танымал ұлдары жайлы айтты

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожаның ата-анасы отандық телеарналардың біріне сұхбат берді. Сұхбат барасында әншінің анасы алғашында ұлына жазылған пікірлерден жүрегі ауырғанын айтады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Видеодан кадр/ Айта берсін
Фото: Видеодан кадр/ Айта берсін: Facebook

Бүгінде халықтың сүйікті ұлдарының бірі атанған Әбдіжаппар Әлқожаның әкесі баласының танымал азамат болатынын күтпесе керек.

Айтуынша, ауылдан мұндай бала шығады деп ойламаған.

"Адам болған соң бәрінде қателік кетеді. Артық кетіп қалады. Сол кезде өзін-өзі жөнге салуға аздап болса да, үлесімізді қосып отырамыз. Бір ауылдың тұрғыны едік. Ауылдан осындай бала шығады деп ойлаған жоқпыз. 90-жылдар ауыр жылдар болды. Бұлар бірінен кейін бірі өсіп жатыр. Жағдайы қалай болады екен деп ойлаушы едік", - дейді әншінің әкесі Әбдіразақ Әлқожа.

Ал эстрада жұлдызының анасы Әбдіжаппарды жанұяның еркесіне теңеді.

"Кенжетай ұлымыз. Үйдегі алты перзенттің ең кенжесі, еркесі, бұзығы, үйдің қызығы. Алғашқы кездерде қыз бен балаға пікірлер жазғанда толқып, жүрегіме қатты батып жүрді. Әсіресе, былтырғы сөздері. Бірақ, өзім кейін Аллаға сабыр қылып, шүкіршілік еттім. Ел не айтпайды, айтса айта берсін" ,- дейді Алтынай Ходжаева.

Сондай-ақ, өнер иесінің әке-шешесі жұлдыздың ата-анасы болу өте үлкен жауапты іс екенін атап өтті.

"Үлкен жауапкершілік. Көптің арасына түсесіз. Сізге көптеген сұрақтар қояды. Біреулер біліп сөйлейді, біреулер күліп сөйлейді. Біреулер қызыға қарайды, біреулер қызғана қарайды. Барлығына жауап беру біз үшін ауырлау. Бірақ, амал жоқ, жауап береміз. Кейде жауаптан да тосылып қалатын кездер де болады", - дейді әншінің анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830175-zregime-katty-batty-bdizappar-lkozany-anasy-ly-turaly-ajtty/

pixel