RU
Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің күні ресми түрде бекітілді (видео)

Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің күні ресми түрде бекітілді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 20 желтоқсанда ринге шығады, оның қарсыласы америкалық Алан Санчес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Данияр Елеусінов. Фото: Instagram.com/yeleussinovdaniyar

Данияр Елеусінов. Фото: Instagram.com/yeleussinovdaniyar

Отандасымыздың келесі жекпе-жегі жөнінде Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлім етті.

Белгілі болғандай, қазақстандық боксшының америкалық Алан Санческе қарсы жекпе-жегі Дэниел Джейкобс пен кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы кездесудің андеркардында өтеді.

Айтулы бокс кеші 20 желтоқсанға жоспарланған. Жекпе-жектің анонсында жазылғандай, "Олимпиада чемпионының кәсіпқой бокстағы сапары Фениксте жалғасады".

Сондай-ақ қазақстандық боксшының суреті аталған бокс кешінің афишасында жарияланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов WBC Continental Americas титулының бұрынғы иегері Алан Санчеспен қолғап түйістіретінін хабарлағанбыз.

Он раундқа жоспарланған жекпе-жек 20 желтоқсанда АҚШ-тың Аризона штаты Финикс қаласындағы Talking Stick Resort кешенінде өтеді.

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың 14 қыркүйегінде өткізді. Ол Нью-Йорктегі бокс кешінде бұрын жеңіліп көрмеген америкалық Решард Хикспен жұдырықтасып, қарсыласын нокаутқа түсірді.

Отандық спортшы осы уақытқа дейін 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel