RU
"Барыстың" жасөспірімдер құрамында өнер көрсететін жалғыз қыз бала туралы не білеміз

"Барыстың" жасөспірімдер құрамында ойнайтын жалғыз қыз бала туралы не білеміз

Рассказать Вконтакте

Елордалық "Барыс" хоккей клубының жасөспірімдер құрамында жалғыз қыз бала өнер көрсетеді. Бапкер Ихсана Мадиярқызының ерекше дарынды екенін алғашқы жаттығулардан-ақ байқаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ихсана Мадиярқызы. Фото: bilim.astana.kz

Ихсана Мадиярқызы. Фото: bilim.astana.kz

Білім басқармасының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласындағы №76 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы Ихсана Мадиярқызы – "Барыс" хоккей клубы ұлдар командасы құрамындағы жалғыз қыз бала.

Бұл спорт түрімен 5 жасынан бастап айналысатын кішкентай қыз астаналық хоккей клубының сапында 3 жылдан бері өнер көрсетеді екен.

Алдыңғы қатарлы ойыншылардан қалыспай жүрген Ихсана өткен жылы Канада елінен келген хоккей федерациясы елшісімен кездескен.

Анасының айтуынша, қызының хоккейге деген қызығушылығы отбасымен бірге ҚХЛ шеберлік ойындарын тамашалағаннан соң пайда болған.

Кейін "барыстықтар" қабылдау жүргізгенде ойланбастан құжат тапсырған. Алғашқы жаттығулардан-ақ бапкер қыз баланың ерекше дарынын байқаған.

"Алдағы уақытта Ихсана түрлі додаларда үлкен табысқа жетеді деп сенеміз", – делінген Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel