RU
Facebook-тегі жазбасы үшін Нұр-Сұлтан тұрғынының басы дауға қалды

Facebook-тегі жазбасы үшін Нұр-Сұлтан тұрғынының басы дауға қалды

Рассказать Вконтакте

Астана тұрғыны Facebook әлеуметтік желісінде балабақша әкімшілігімен жанжалдасқаны туралы жазба жариялаған. Елорданың Алматы аудандық соты бұл жазбаның іскерлік беделді қорғау жөнінде сотқа арыздануға негіз болғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Іс материалдарына сәйкес, Нұр-Сұлтан тұрғыны Facebook-те балабақша әкімшілігімен жанжалдасқаны туралы жазба жариялаған. Бұл жазба желіде үлкен резонанс тудырып, кеңінен талқыланды.

Сот айыпталушының балабақша тәрбиешісінің баласын ұрғаны туралы полицияға шағымданғанын анықтады.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, яғни желіде жазба жарияланғанда М. деген тәрбиешінің балаға дене жарақатын салғаны сотта дәлелденбеген. Оған қоса, айып тағушы тәрбиешінің жеке аккаунтын да тіркеп, сот немесе құзырлы органдар нақтыламаған фактілерді тұжырымдап жазып, расталмаған ақпарат таратқан", – дейді сот.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының шешімі бойынша жауап берушінің желіге жариялаған ақпараты адамның ар-намысына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп танылды.

Сот шешімі бойынша, айыпталушы жазбаны желіден алып тастап, оны теріске шығаруы тиіс. Бұған қоса, ол моральдық тұрғыда зиян келтіргені үшін 30 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Нұр-Сұлтан сотының апелляциялық алқасы бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel