RU
Климаттың өзгеруі әйелдердің босануына кедергі жасайтыны рас па

Климаттың өзгеруі әйелдердің босануына кедергі жасайтыны рас па

Рассказать Вконтакте

Калифорния университетінің ғалымдары соңғы жылдары 1969-1988 жылдармен салыстырғанда, 25 мың баланың мерзімінен екі апта бұрын дүниеге келгенін анықтаған. Ал америкалық әйелдер жыл сайын 150 мың баланы мерзімінен бұрын дүниеге әкелген екен деп жазады KAZ.NUR.KZ tsn.ua-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ғалымдар аталмыш зерттеудің нәтижелеріне салмақты қарау керек екендігін айтқан.

Мамандардың пайымдамуынша, әйелдердің мерзімінен бұрын босауына ауа температурасының күрт жоғарылуынан болуы мүмкін екен.

Себебі күн ысығанда әйелдердің ағзасында олардың босануына әсер ететін - окситоцин – гормоны көбейіп кетеді.

"Мерзімінен бұрын дүние есігін ашу баланың дамуына және одан кейінгі өміріне де әсер етуі мүмкін. Десе де бізге әлі қосымша зерттеулер жасау керек", - дейді ғалымдар.

Ғалымдар айтып отырған тағы бір болжам – жүрек-қан тамырлары жүйесінің күйзеліске түсуінен екен.

Аталмыш келеңсіздіктің де салдарынан әйел ағзасында өзгерістер орын алып, ол мерзімінен бұрын босанып қалуы әбден ықтимал дейді ғалымдар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel